21.08.2021
  174


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Көкаршын

Ал, көкаршын ән еркесі баппен айтса,
Ер жігіт не болады серттен қайтса.
Ән болмас көкаршындай қайда болсаң,
Ән білем деген адам шынын айтса.

Ал, көкаршын көңілімен қонған әнім,
Сүйеді сұлу әнді менің жаным.
Аспандап айғайлатып жүз құбылтсам,
Кетеді бойым балқып қызып қаным.





Пікір жазу