21.08.2021
133
Кенем-ай
Түлкі бөркің басыңды түбіттеген, е-ей,
Сенен артық болар ма жігіт деген, е-ей.
Осы тұрған ауылға бір келмейсің, е-ей,
Ақ сандыққа түстің бе кілттелген, е-ей.
Кілттелінген, Кенем-ай.
Біздің ауыл, сұрасаң, зымнан биік,
Қазинадан көйлегім сегіз қиық.
Сен есіме түскенде, беу, Кенем-ай,
Жата алмаймын төсекке ішім күйіп.