21.08.2021
  157


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Келіншек (3 нұсқа)

Келіншек менің атым Нұркүләнда,
Бармаған өз теңіне қыз арманда.
Ағайын ата-ананың көңілін қимай,
Сырымды паш қылмадым ешбір жанға.

Қайырмасы:
А, ха-ли-ли-лил-ла-ау,
Хай-ли-ли-ли-ли-ли-лай.
Хай-ли-ли-ли-ли-лай,
Ха-ли-ли-ли-ли-ли-ли а-ай!

Сол үйге келін келді қадам басып,
Қатындар май құйып жүр жабырласып.
Ежелден қимаған сол ата-анам ғой,
Екеуі отыр екен бек ұнасып.

Қайырмасы:
А, ха-ли-ли-лил-ла-ау,
Хай-ли-ли-ли-ли-ли-лай.
Хай-ли-ли-ли-ли-лай,
Ха-ли-ли-ли-ли-ли-ли а-ай!





Пікір жазу