21.08.2021
150
Келіншек (2 нұсқа)
Қан түссе аяғына ат сүріншек,
Келгенде жиырма беске қыз еріншек.
Ой, келіншек, жеңеше-ай,
Атпен желме, ой, ги-гәй.
Осы әнге шаттандырып салады екен,
Түбінде зайымкенің бір келіншек.
Ой, келіншек, жеңеше-ай,
Атпен желме, ой, ги-гәй.
Ағашы зайымкенің селдіреген,
Қалқаның екі көзі мөлдіреген.
Ән салып кешке таман жүргенімде,
Бүрмесі ақ көйлектің желбіреген.