21.08.2021
137

Заулатшы-ай
Бүгін дала гүлденіп жаңарғандай,
Күлтелі көк құлпырып оңалғандай.
А-хау! Заулатшы-ай, құрбым, заулатшы-ай.
Кешегі құм шөл дала шаңырқаған,
Бүгін қара, тамаша таң қалғандай.
А-хау! Заулатшы-ай, құрбым, заулатшы-ай.
Артель ұйым біріккен ұранды бір,
Жанды қыздан есіткен бір терең сыр.
А-хау! Заулатшы-ай, құрбым, заулатшы-ай.
Жасы жаңа, жас құрбым, жатпа қарап,
Елің үшін еңбек ет, ертемен тұр.
А-хау! Заулатшы-ай, құрбым, заулатшы-ай.