21.08.2021
  192


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жетіарал (1 нұсқа)

Жетіаралдай жер қайда қыз балаға,
Дария бешпент жарасар бозбалаға.

Қайырмасы:
Жетіарал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.

Елім-жұртым көз қырын сала ма екен,
Еңіреп кеткен еріксіз бір балаға.

Қайырмасы:
Жетіарал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.

Қыран бүркіт аспанда айналады,
Қиып кисем, тел бойым сайланады.

Қайырмасы:
Жетіарал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.

Еркек болсам, басыма бар ма пәле,
Әйелдікпен аяғым байланады.

Қайырмасы:
Жетіарал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.





Пікір жазу