21.08.2021
  164


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жамал-ай (1­ нұсқа)

Астымда мінген атым-ау, мінген атым-ай, ала құнан,
Жамал-ай,
Тимеді асыл достым-ау, асыл достым, маған панаң,
Жамал-ай.
Шортаңдай шабақ қуған-ау, шабақ қуған-ай, шолп еткізіп,
Жамал-ай,
Сүйер ме еді айналайын-ау, айналайын, тамағыңнан,
Жамал-ай.

Жүгірген қойдан қойға сары серке,
Қайтейін қылығыңды, сұлу ерке.
Кеш болса серуенге шығасың сен,
Қызғыштың айдарындай біткен жеке.





Пікір жазу