21.08.2021
  159


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жалған (1-нұсқа)

О, жаным, дүние өтеді, дүние өтеді,
Қолынан оймақсыздың ине өтеді.
Күл де ойна тіршілікте деп айтамын,
Түбіне сұм жалғанның кім жетеді, кім жетеді-ай.

Қайырмасы:
Ей! Ау!
Жалған, кім жетеді-ай.

Дүние жеткізбейді қуғанменен,
Ат көркем көрінеді тұрманменен.
Ақ көйлек секілді емес ақ ниетің,
Тазармас, бір кірлесе, жуғанменен.

Қайырмасы:
Ей! Ау!
Жалған, кім жетеді-ай.

Өлеңді мен айтамын екіленіп,
Иіскер қой қозысын мекіреніп.
Сыйласып қызықты өмір өткізейік,
Дүниеге жүрген кім бар екі келіп.

Қайырмасы:
Ей! Ау!
Жалған, кім жетеді-ай.





Пікір жазу