21.08.2021
  144


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ертіс

Ертістің ар жағында көрдім сені,
Сырғаңды қайық қылып, ай, сәулем, өткіз мені-ай!
Сырғаңды қайық қылып өткізбесең,
Болсаң да қордың қызы-ай, сәулем, көрмен сені-ай!

Қайырмасы:
Сәулетай, ха-лилу, халилу,
Лалалаку-ай, хайлаулалім,
Сәулем көрмен сені, ай!

Ертістің арғы жағы, бергі жағы,
Жайқалған жағасында, ай, сәулем, жапырағы-ай!
Жігіттің алған жары болса жаман,
Бірге өскен құрбы алдында-ай, сәулем, сынар сағы-ай!

Қайырмасы:
Сәулетай, ха-лилу, халилу,
Лалалаку-ай, хайлаулалім,
Сәулем көрмен сені, ай!





Пікір жазу