21.08.2021
  162


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ерке шақ

Айналайын, қарағым, орта бойлым,
Сары майдан айырып торта қойдым,
Еркем-ай.

Қайырмасы:
Таста, қалқам, ойынды,
Көтерсейші бойыңды,
Әй, Еркем-ай!

Осы арада жүзіңді көріп тұрып,
Еркежан деп атыңды жорта қойдым,
Еркем-ай.

Қайырмасы:
Таста, қалқам, ойынды,
Көтерсейші бойыңды,
Әй, Еркем-ай!

Өлең айтқым келмейді ерінгенде,
Бойым дел-сал тартады керілгенде,
Еркем-ай.

Қайырмасы:
Таста, қалқам, ойынды,
Көтерсейші бойыңды,
Әй, Еркем-ай!

Жерден алтын тапқандай қуанамын,
Жан сәулемнің төбесі көрінгенде,
Еркем-ай.

Қайырмасы:
Таста, қалқам, ойынды,
Көтерсейші бойыңды,
Әй, Еркем-ай!





Пікір жазу