21.08.2021
  219


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Елігай (Илигай)

«Кел» деп едің, Елігай, келіп тұрмын,
Отқа түспей өртеніп еріп тұрмын.
Сертте тұрсаң, мен сендік—жаным құрбан,
Сырым осы—сертімді беріп тұрмын.

Айналайын, қарағым, қара қасым,
Қара мақпал жібектей—қара шашың.
Баласындай еліктің Елігім ең,
Сені ойласам, мөлдіреп көзден жасым.

«Елігай» деп атыңды қойдым арнап,
Сен—ақ шабақ болғандай салдым қармақ.
Еркін таудың еркесі—елік болсаң,
Мен де өзіңдей жалғызбын—ерке саңлақ.





Пікір жазу