21.08.2021
  137


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ғашық сәулем

Көшкенде жылқы айдаймын-ай, сарыменен,
Қорғасын мылтық аттым, о, шіркін, дәріменен.
Бетіңнің алақандай-ай, қызыл үшін,
Аулыңның араз болдым, о, шіркін, бәріменен.

Қайырмасы:
Ахахау!
Ғашық сәулем-ай!
Аулыңның араз болдым,
О, шіркін, бәріменен.

Көшеді біздің ауыл-ай, белеңменен,
Қаракөк өзі сұлу, о, шіркін, дөненменен.
Болғанда тау салқыны-ай, тәтті ұйқы,
Оятам мен қалқаны, о, шіркін, өлеңменен.

Қайырмасы:
Ахахау!
Ғашық сәулем-ай!
Аулыңның араз болдым,
О, шіркін, бәріменен.





Пікір жазу