21.08.2021
  119


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Гүлдар-ай (2 ­нұсқа)

Гүлдар-ай гүл бағы шашқан, бұлбұл құстан,
Не пайда өнері-ай жоқ, шіркін, жастан.
Арқада екі торы ат сор жалаған, гүлдар-ай,
Біреуі кекіл қағып жорғалаған, гүлдар-ай.

Есіме сен түскенде, Гүлдар-ай жан,
Қойныма көзім жасы сорғалаған, гүлдар-ай.
Аха-ха ей, гүл бағы шашқан, бұлбұл құстан,
Не пайда өнері-ай жоқ, шіркін, жастан, гүлдар-ай.





Пікір жазу