21.08.2021
  512


Автор: Асаба (тамада)

Созақтан келген сүрбойдақ

Шымкент облысы Созақ ауданында жасы 40-қа келген, он екі де бір гүлі ашылмаған, қыздың қолын ұстамаған, шашын сыйпамаған, әлі сүйіспеген бір жігіт бар екен.
«Біз келіншек болып түскенде бойдақ едін, 20 жыл өтті - әлі бойдақсың. Қашан үйленесің?»- деп жеңгелері әрдайым тиісетін көрінеді:
Күндердің күнінде әлгі жігіт Арыс қаласына келіп, жасы 39-ға келген, бетіне әлі бояу тимеген, дискотекаға өмірінде бармаған бір қызбен женгелерінің айтуымен танысуға, сөз айтуға ниет білдіріпті.
Арыс – теміржолшылар қаласы, тоғыз жолдың торабы. Әлгі қыз сол темір жол саласында жұмыс істейді екен. Қыздын 78 –ге келген әкесі «Жастар бір-бірін қаласа болды, бақытты болсын!»- деп батасын да беріпті. Қыздың жеңгелері екі жасты таныссын, білсін деп, оларды жеке қалдырады. Сөйтсе бір сағаттан өткен соң, жігіт кеткеннен кейін, қыз жылап отыр дейді.
- Неге жылайсың? Әлгі жігіт бір нәрсе деп сені ренжітті ме? – деп сұрапты одан қыздың женгелері.
- Жыламай қайтейін! Үндемей бір сағат тұрды. Содан соң айтқан әнгімесі мынау:
«Созақтағы үйімде бір сарай соғып жатыр едім ............, соған бір 30-35 теміржол шпалдарын тауып бере аласың ба?» – деп айтады, деген екен қыз еңіреп.





Пікір жазу