20.08.2021
179
Бөбек
Ай, Бөбек, кеткенің бе серттен тайып,
Адамды айырады ерлі-зайып.
Ай, Бөбек, танымасаң, танытайын,
Баласы Қарабайдың, аты — Қайып.
Жайлауы біздің елдің сонда емес пе,
Жылқының жейтін шөбі сонда емес пе.
Өзіңнің алғаныңды қоя тұрып,
Біздермен ойнап-күлген олжа емес пе.