20.08.2021
179
Ән салсам
Жігітпін бұл алқаның еркесіндей,
Қияның қыран түскен түлкісіндей.
Қайырсаң ән аяғын мендей қайыр,
Сылқылдап сұлу қыздың күлкісіндей.
Ән салсам ертеңнен кеш жалықпаймын,
Даусымды тоқсан түрлеп анықтаймын.
Күледі кәрісің деп қыз-келіншек,
Мен оған күлді екен деп жабықпаймын.
Ән қосам аспандағы бозторғайға,
Қойсайшы бір айқайлап «Құрбым қайда?»
Жиылған қыз, бозбала мәжіліс екен,
Өнерді көрсетейін осындайда.