20.08.2021
87
Әкулан
Аспанда ұшып жүрген сұңқар ма екен,
Үстіме қызыл камзол сияр ма екен.
Баласын әлпештеген ата-анасы,
Жылатып жіберуге қияр ма екен.
Қайырмасы:
Пи-пай-пай, Әкулан, керім-ай.
Әкемнің қыз да болса, ұлындаймын.
Ішінде жұмыртқаның жұлындаймын.
Қолына әлдекімнің қаратар деп,
Ұршықтай байыз таппай зырылдаймын.
Қайырмасы:
Пи-пай-пай, Әкулан, керім-ай.