20.08.2021
  190


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әдемі-ай

Ақ көйлек, қара бешпет, әдемі қыз,
Тиген жоқ әлі ешкімге әлегіміз-ай.
Жеделдес заманы бір құрбы ғой деп,
Біз сенен әлі күнге дәмеліміз-ай.

Ақ көйлек, қара бешпет делегейім,
Болайық екеу жолдас елге дейін-ай.
«Сыйламас танымасын» деген сөз бар,
Құрбыға сыр білмейтін мен не дейін-ай.





Пікір жазу