20.08.2021
  116


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әгугай

Кім айтпайды бұл әнді жұрт қаласа,
Домбырама сыңғырлап жүр жараса, әгугай-ай.
Толғамалы әнімнің түйіні көп,
Бәйге атындай екпінді ер таласа, әгугай-ай.

Екеу, екеу мінейік жел кемеге,
Кешке жақын қыз шығар әңгімеге.
Әңгіменің соңына ере берсең,
Көңіл, шіркін, кетпей ме әр немеге.





Пікір жазу