20.08.2021
161
Аяулым
Қара төбел, қарағым, құнандайсың, аяулым,
Бір мінің жоқ ақ бауыр құландайсың, аяулым.
Тарбағатай тауының түлкісіндей, аяулым,
Болып күйік көзіме бұлаңдайсың, аяулым.
Қайырмасы:
Ерке тотым,
Махаббатым,
Күйдірдің,
Жандырдың жүректі.
Ерке тотым,
Махаббатым,
Сағындым,
Сарғайдым өзіңді.
Қара бүркіт келмейді қайыруға, аяулым,
Не демейді көп дұшпан айыруға, аяулым.
Арадағы дұшпанның сөзіне ермей, аяулым,
Кел екеуміз шығайық жайылуға, әй, аяулым.
Қайырмасы:
Ерке тотым,
Махаббатым,
Күйдірдің,
Жандырдыңжүректі.
Ерке тотым,
Махаббатым,
Сағындым,
Сарғайдым өзіңді.