20.08.2021
  179


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Аяйым, айым, аяйым!

Жектім шана торыға, шүйгелкелеп-ай,
Шүлжіңдеттің тіліңді кімге еркелеп-ай.
Аяйым, айым, аяйым!

Артық біткен әкеңнің дәулетінде-ай,
Тарттым шарқат күлдері көлеңкелеп-ай.
Аяйым, айым, аяйым!

Алыс жерден мен келдім асып-сасып,
Ақ жүзіңді көруге болып асық.
Талай тойда топ жарған ақын дейді,
Атыңды естіп сыртыңнан болдым ғашық.





Пікір жазу