20.08.2021
202
Ахау, халилем!
Айналайын, қарағым, келдің қайдан,
Алма мойын ақ үйрек ұшар сайдан, халиләм.
Құдай айдап кез болдық, әріптесім,
Дос болмағы адамның осындайдан, халилем.
Ахау! Халилем,
Дос болмағы адамның осындайдан, халиләм.
Ақыл—дария болғанда, көңіл—көлмек,
Бір көруге өзіңді келдім шөлдеп.
Оралыңның барында ойна да күл,
Мың күн тұрып, сынады бір күн шөлмек.
Бірін-бірі дос болмас мақтамаса,
Жамандықтан бір-бірін сақтамаса.
Бір күн тату болатын, бір күн араз,
Дей алмаймыз мінезді тап-тамаша.