20.08.2021
  131


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ахау, Семей (4-нұсқа)

Базардан алып келген темір қақпан,
Қақпанмен түлкі алады ебін тапқан.
Таспадай сыдырып қойған сыршыл сұлу,
Анаңнан айналайын сені тапқан.

Қайырмасы:
Ахау, Семей,
Тіл мен көмей,
Басылмас менің әнім
Сәулем келмей, ах, уай.

Базардан алып келген кәрлен аяқ,
Қалқам-ау, шәй құйып бер бәлденбей-ақ.
Бір сөзді әзіл қылып айта салдым,
Қой-ақ қой, жақтырмасаң, қиналмай-ақ.

Қайырмасы:
Ахау, Семей,
Тіл мен көмей,
Басылмас менің әнім
Сәулем келмей, ах, уай.





Пікір жазу