20.08.2021
167
Ауылың сенің белде еді
Жатыр едім көгалда пішен шауып,
Су болды ақ көйлегім жаңбыр жауып.
Қайырмасы:
Аулың сенің белде еді,
Шай көйлегің бүрмелі.
Айтарыңды айтып қал,
Отырмын ғой жүргелі.
Сен есіме түскенде, қимас қалқам,
Ақбоз аттан жығылдым есім ауып.
Қайырмасы:
Аулың сенің белде еді,
Шай көйлегің бүрмелі.
Айтарыңды айтып қал,
Отырмын ғой жүргелі.