20.08.2021
121
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed[11].jpg)
Аугигай (1-нұсқа)
Алыстан көрінесің егіндей боп,
Егіннің жаңа шыққан көгіндей боп.
Алыстан аңсап сәулем келгенімде,
Көзіме кім көрінер өзіңдей боп.
Қайырмасы:
Уай, аугигай, қыздар-ай,
Құрбым-ай,
Формың сенің өзгеше-ай.
Қарағым, айналайын, мен де сендей,
Тартасың неге селсоқ көрмегендей.
Әуеде ұшып жүрген ақ сұңқарым,
Қонсайшы тұғырына кел дегендей.
Қайырмасы:
Уай, аугигай, қыздар-ай,
Құрбым-ай,
Формың сенің өзгеше-ай.