20.08.2021
  205


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Арман-ай

Жайық бойын жағалай бітер ағаш-ау,
Ұя салар басына көп қарлығаш.

Қайырмасы:
Арман-ай,
Шақырсаң да, барман-ай,
Қалған бір көңіл, қалған-ай.

Көрмегелі көп айдың болды көп күн,
Сәлемет-сау жүр ме екен қиылған қас.

Қайырмасы:
Арман-ай,
Шақырсаң да, барман-ай,
Қалған бір көңіл, қалған-ай.

Айт дегенде өлеңді не дейді екен,
Ақын қыздар рамазан кенейді екен.

Айт дегенде өлеңді қоя берсең,
Жақсылардың о-дағы мерейі екен.

Қайырмасы:
Арман-ай,
Шақырсаң да, барман-ай,
Қалған бір көңіл, қалған-ай.

Домбыраның бір күйі пернесінде,
Іркілейін жел сөздің мен несіне.

Күлелік те ойналық тіршілікте,
Өткен өмір мен кепіл келмесіне.

Қайырмасы:
Арман-ай,
Шақырсаң да, барман-ай,
Қалған бір көңіл, қалған-ай.





Пікір жазу