20.08.2021
  129


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Алшаңгер

Үйірі қысырақтың құла дөнен,
Қайырып түлкі соқтым құла дөңнен.
Қара өлең оннан салып төңкерейін,
Болып па бұ да бұйым өлең деген.

Қайырмасы:
Алшаңгер,
Қырымпазым-ой.
Дүние-ай өтті-ау күнім,
Сайрай гөр өтпей тұрып,
Қызыл тілім.

Шашағы шашбауымның шал құрықтай,
Оң қолым судан шыққан ақ борықтай.
Итіңді салып бестен мен айтайын,
Қадалған құбыладан ызғырықтай.

Қайырмасы:
Алшаңгер,
Қырымпазым-ой.
Дүние-ай өтті-ау күнім,
Сайрай гөр өтпей тұрып,
Қызыл тілім.





Пікір жазу