20.08.2021
193
Ақжорғажан (2-нұсқа)
Шын ғашық бірін-бірі алдамайды,
Қайғысыз қара жүрек зарламайды.
Қара тас, ұйқың келсе, мамық болар,
Ғашықтық сұлулықты талғамайды.
Қайырмасы:
Ах-ау-ай, Ақжорғажан, Ақжорғажан!
Басыңды құрбың күтсе,
Қалмайды арман,
Сәулем-ай, қалмайды арман-ай!
Қарағым, төмен қарап назданасың,
Кім білсін, қуаныштың азғанасын.
Қосылса екі ғашық бір жерге егер,
Жүректің бітірмей ме сан жарасын?!
Қайырмасы:
Ах-ау-ай, Ақжорғажан, Ақжорғажан!
Басыңды құрбың күтсе,
Қалмайды арман,
Сәулем-ай, қалмайды арман-ай!