20.08.2021
181
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed[11].jpg)
Ақдариға (2 нұсқа)
Базардан базар барып қауын алдым,
Бешпенттің асыл қара бауын алдым.
Әй, үгәй, Ақдариға-ай!
Жасқанып жардан безіп жүргенімде,
Күлім көз, оймақ ауыз тауып алдым.
Әй, үгәй, Ақдариға-ай!
Аспанда ай бірдей ме жұлдызбенен,
Шын қамшат түрі бір мен құндызбенен?
Әй, үгәй, Ақдариға-ай!
Жарамсыз қай кісіні кім мақтайды,
Қоңыр қаз жапалаққа ілгізбеген.
Әй, үгәй, Ақдариға-ай!