20.08.2021
245
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed[11].jpg)
Ақберген
Астымда атым мінген торы жорға-ай,
Келемін жорғалатып жанай қырға.
Өзіңе, кетер шақта-ай, келдім салып,
Көңілім амандасып жолығарға-ай.
Еркеммен алма мойын жолықпаған-ай!
Қиналып мен де кеттім Орынборға,
Алақтап екі көзім, мен жатырмын,
Қапияда қаршығадай түскен торға-ай.