20.08.2021
  197


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақ Жәмилә

Қолыма қалам алып жаздым хатқа,
Жақсының жетер зейіні ишаратқа.
Жаманға бір сөз айтсаң, желмен кетер,
Аз сөзім көпке бірдей асылзатқа.

Жан-жаннан жатырқамай биік қармап,
Ойнайық әзіл сөзді тілмен жалғап.
Ақылды Ақ Жәмилә мінезі бар,
Жіберер сүймегенін сөзбен алдап.





Пікір жазу