20.08.2021
  212


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Айнамкөз

Салмасам Айнамкөзге ән болмайды,
Кимесең оқа бешпент сән болмайды.
Ойнасаң, өзің теңдес жаспен ойна,
О-дағы сүйген жардан кем болмайды.

Айнамкөз, сен қайдағы, мен қайдағы,
Біреудің мен де өзіңдей боз тайлағы.
Есіме, беу, қарағым, сен түскенде,
Шымырлап қан қайнайды өнбойдағы.





Пікір жазу