meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  20.08.2021
  210


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Айби

Келмейді қара шашым қайыруға-ай,
Қас дұшпан не демейді айыруға-ай.

Угай-гай,
Әгу-гай,
Заман-ай.

Жаманға шыныменен бір сөз айтсаң-ай,
Жетпейді айтқан сөздің пайымына-ай.

Угай-гай,
Әгу-гай,
Заман-ай.

Бір жүйрік бір жүйріктен қалыспаған,
Жолдасым жолдасыңмен таныспаған.
Сауабын екеуінің біз алайық,
Жақсыдан жақсы болмас алыстаған.





Пікір жазу