20.08.2021
  184


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ай, сәулем

Жоғарыдан келемін төмендетіп,
Бозшұбардың құйрығын сүмендетіп.
Мен қайтейін, еркем-ау.

Сен есіме түскенде, сәулетайым,
Атынды атап қоямын өлеңдетіп.
Мен қайтейін, ай, сәулем.

Сұлу қызға сұқтанбас жігіт болмас,
Сандығында жомарттың кілт болмас.
Жақсы қыздың жауабы айдан анық,
Не дегенін жаманның біліп болмас.

Қыз-қырқынсыз жігіттік өтпейді екен,
Оған, сірә, еш қызық жетпейді екен.
Қартайсаң да сол күнің сәулеленіп,
Өл-өлгенше есіңнен кетпейді екен.





Пікір жазу