20.08.2021
190
Ай-гок
Мәскеуде бір қыз көрдік көзі күлген,
Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.
Сол қыздың сұлулығы жаннан асқан,
Етегін дүрия көйлек шаймен бүрген.
Қайырмасы:
Ай-гок, тағат жоқ, ой!
Көкем, еркем Ғайни,
Өтіп жалған кете ме-ай.
Әрине, айтпас па едім өлең білсем,
Шұлғытып қара арғымақ дөнен мінсем.
Армансыз бұл дүниеден өтер едім,
Сол қызбен қосылысып ойнап-күлсем.
Қайырмасы:
Ай-гок, тағат жоқ, ой!
Көкем, еркем Ғайни,
Өтіп жалған кете ме-ай.