20.08.2021
  172


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ағажай

Есігімнің алдында жусан ба екен,
Тал жібекпен белімді бусам ба екен.
Ағажай, а-ей, асыл еркем-ай.
Өтіп кеткен басымнан жиырма бесті,
Қос ат алып артынан қусам ба екен.
Ағажай, а-ей, асыл еркем-ай!
Исі жұпар болсын деп жақтым арша,
Бөзі жұмсақ болсын деп кидім барша.
Қартайған соң еске алып сан қиырды,
От басында отырмын балаларша.





Пікір жазу