20.08.2021
218
Абайкөк (6 нұсқа)
Қарағым, айналайын, мінезіңнен-әй, Абайкөк!
Келмесең шақырғанда, кінә өзіңнен,
Әй, бір көрсем сені, арманым жоқ!
Толғатып тоқсан әйел ұл тапса да, Абайкөк.
Садақа соның бәрі бір өзіңнен,
Әй, бір көрсем сені, арман жоқ!
Жапалақ жалбаң-қалбаң ұшар сайдан, Абайкөк.
Лашын құс қуып жетер әлде қайдан,
Әй, бір көрсем сені, арман жоқ!
Шырқаған еркін даусың жүрегімде, Абайкөк,
Ауылың алыс кеткенде-ай, қарағым.
Аршын төс, алма мойын келдің қайдан?
Әй, бір көрсем сені, арман жоқ!