20.08.2021
  626


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Марқұмды еске алу кезінде айтылған өлең

Сары бір аяқ самаурын,
Ішінен болсын қорегім.
Мұңымды-ау айтып жыласам,
Есітер ме еді құлағың.
Көтерші-ау көрейін,
Тағдырым жетсе, өлейін.
Тоғайға шыққан көк қамыс,
Сабағы дейді-ау борықтың.
«Сапарға кеткен» жан әкем,
Келмеске неге жолықтың?!
Үйің бір қалды-ау тұлдаулы-ау,
Алашқа сөзің тыңдаулы-ау!





Пікір жазу