20.08.2021
217
Ақ қайың
Өзіңе таныс баяғы қайың,
Сарғайып күзде тұрады дәйім.
Дариға, сол бір ғажайып күндер,
Елес пе еді, білмеймін, айым.
Қайырмасы:
Сарғайды қайың, сарғайдым менде,
Жұлдыздай алыс ұзадың сенде.
Саған да ыстық осы бір қайың,
Ұмытқан жоқсың, білемін, айым.
Сүйіскен жастар жат бола берсе,
Осыдан өткен болар ма айым.
Қайырмасы:
Қайың да жалғыз, жалғызбын мен де,
Ғашық боп неге өтеді пенде!