20.08.2021
197
Сүйген болсаң, сағынарсың
Әлі есімде көк елестер,
Көк белестер көзге елестер.
Серуен құрған,егін орған,
Қызу күндер қызық кештер.
Көз алдымда көл айдыны,
Суға төнген тал қайыны.
Сырласым деп құрдасым деп,
Сәлем жазсаң бар ма айыбы?
Қаракөзім-қарлығашым,
Менен бұрын әнім барсын
Сенген болсан, сүйген болсаң,
Сағынарсың, сарғаярсың.