20.08.2021
237
Еркежан
Жанымды толқын болып тербеп едің,
Алдымда ақ ботадай еркеледін.
Алқынып жете алмадым сағым қуып,
Жасқанып жар ниетін бермеп едің.
Қайырмасы:
Жалын атқан жас жүректен
Жан ұнатқан бір сен едің,сенші,сәулем,
Еркежаным менің сенші сәулем.
Алқызыл май айының гүліндейсің,
Құбылып құшағыма ілінбейсің.
Қайтейін, айтарым көп,амалым жоқ,
Еркелеп,тек әншейін күлімдейсің.
Қайырмасы.
Алтын күн аспандағы жерге қонсын,
Қуанып нұр сәулене кеуде толсын.
Еркежан, жақсы күндей жадырай бер,
Тек қана жүрек кілті менде болсын.
Қайырмасы.