20.08.2021
215
Арманым
Қайда жүрсің, хабарың жоқ әлі де,
Зарықтырдың лебізіңе, әніңе.
Мен сияқты жүр ме екен сарғайып,
Жер бетінде ғашықтардың бәрі де.
Қайырмасы:
Қарсы аламын,
Жан самадым,
Аңсағаным, арманым!
Сертім бекем,
Келсең екен,
Көрсем екен, ардағым!
Алыс кетіп,дедің бе әлде сынайын?
Өзің тұрсаң, мен сөзімде тұрайын.
Сыннан өтсе сүйген жүрек суымас,
Қасіретіңе махабаттың шыдайын.
Қайырмасы.