20.08.2021
  254


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақ құсым

Саған деп - айтар әнім,
күн сайын қайталадым.
Аяулы жарым - сенсің,
Бақытым,барым - сенсің.

Қайырмасы:
Сен - менің арманым, ақ құсымсың,
Сен - менің ардағым, бақ құсымсың.
Бір сен деп, ақ құсым, аңсағаным,
Әлемге әніммен жар саламын!

Сен берген бақытыңнан,
Сен берген шаттығыңнан,
Теңіздей шайқаламын,
Гүлгеболып жайқаламын.

Қайырмасы.

Сен - менің аппағымсың,
Сағынып тапқанымсың.
Сәулелі күндізімсің,
Сен - менің жұлдызымсың!

Қайырмасы:
Сен - менің арманым,ақ құсымсың,
Сен - менің ардағым,бақ құсымсың.
Бір сен деп, ақ құсым, аңсағаным,
Сен - менің сәулем-ау,таң самалым!
Сен - менің ақ Шолпан, аңсағаным,
Сәулем-ау, бір сен деп ән саламын.





Пікір жазу