20.08.2021
  201


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Еркем менің

Ел бесігі Ертіс өзен төсінде,
Мамыражай майда қоңыр кешінде,
Қайық қалқып, көңіл шалқып серуенде,
Еркем менің, ерке әнің есімде.

Сағындым ғой сол әніңді сан сырлы,
Сарғайдым да, тағат шіркін таусылды.
Құрбыларың қолдан өзі орнатқан
Магнитқа тыңдасыңшы даусыңды.

Көктемеде жыл құсымен бір келші,
Кешікпеші, көктемеге үлгерші.
Жайраң қағып, сайран салып қаз-қатар,
Жасыл Нұра жағасынан гүл терші.





Пікір жазу