20.08.2021
237
Таңғажайып бұл қалай хат!
Таңғажайып бұл қалай хат?
Мағынасы алыс, өзі жас.
Сөзі орамды әрі түрі жат,
Және әдепті және рас.
Жас жүректің толқынын деп
Жаза алыпсың толтырып.
Ойды жеңіп бұл асыл леп,
Тұрды титық көп құрып.
ішім өлген құр денем сау,
Босқа өрейім жүр менің.
Жарамайды бекер алдау,
Теңің емес мен сенің.