20.08.2021
195
Әйтеуір, сол қыз — бір сұлу
Білмеймін, Ақтөбе ме, Ақмола ма,
Бір сұлу маған бір күн тап болама?
Қыз таңдап, ел қыдырып жүргенімде,
Шынымен, маған солай бақ қонама.
Қайырмасы:
Айсұлу әлде Нұрсұлу,
Жансұлу әлде Күнсұлу,
Атым білмей қор болдым,
Әйтеуір, сол қыз - бір сұлу.
Білмеймін, диұан ба екен,малшы ма екен,
Әлде бір алма мойын әнші ма екен?
Тапқанша сол сұлуды,кең Арқаның
Аралап барлық жолын тауысып өтем.
Қайырмасы.
Білмеймін, аққұба ма, қара ма екен,
Мейірім бір көргенде қана ма екен?
Ел кезіп, аудан қоймай жүргенімде,
Япыр-ай, қай ауылдан табар екем?
Қайырмасы.