19.08.2021
  177


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жазғы таңда

Жайнаған жазғы таңда қызыл гүлдей,
Қараған қарақат көз сыр білдірмей.
Айтады ақ жүрегің сыбырменен,
Достықтың, шын жүректің белгісіндей.

Қайырмасы:
Сырлас қалқам,
Сырымды айтам,
Шақырады шаттыққа.
Келем саған,
Қол соз маған,
Жетеміз,
Жетеміз, достым, бақытқа!

Елімнің жазғы таңы сәуле шашқан,
Ұл-қыздың бақытыңа кең жол ашқан.
Білім ал,өнер үйрен, алға өрле деп,
Жұлдызы Кремльдің нұрын шашқан.

Қайырмасы.





Пікір жазу