19.08.2021
307
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed[11].jpg)
Кестелі орамал
Кестелі ақ жібек орамал,
Алыстан жолдаған сүйген жар.
'Жауынгер жарым, сен есіңе ал',-
Деп жазған оюлап хаты бар.
Қайырмасы:
'Жауынгер жарым,сен есіңе ал',-
Деп жазған оюлап хаты бар.
Есіңе ал,еркетай,жазғы таң,
Қол қысып құшақтап аттанған.
Қас дұшпан мейрімсіз жауыздан,
Аяма деп едің қасып қан.
Қайырмасы:
'Жауынгер жарым, сен есіңе ал',-
Деп жазған оюлап хаты бар.