19.08.2021
250
Ой, кідігай
Қызықты қыздай дәурен өтті бізден,
Ой, қартайсаң да қыз кетпейді көңілімізден.
Қайырмасы:
Ой, кідігай,
Қызықты-ай,
Қыздар-ай!
Бір кезде қыздар төрем деуші-ақ еді,
Ой, бір құдай берген шығар пейілімізден.
Қайырмасы.
Басында Шұбартаудың бес қарағай,
Ой, бесеуі де бір-біріне ес қарағай.
Қайырмасы.
Бір кезде қыздар төрем деуші-ақ еді,
Ой, бұл күнде қыз қайтеді теріс қарамай.
Қайырмасы.