19.08.2021
  211


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ағашаяқ

Қарағым айналайын, келдің қайдан,
Ала үйрек алма мойын ұшар сайда.
Ей, қалқа, мекеніңді айтып қойшы,
адамның жат болмағы осындайдан.

Қайырмасы:
Әй, қалды-ау, қалды-ау,
Қыз қайда, ойбай,
Қыз қайда?
Қара жол ма дегенім,
Шұбырыңды із боды-ай, ойбай.
Ала жаздай нәр татпай,
Іздегенім қыз болды-ау, ойбай.

Қыз болды-ау, ой-ой.
Әй! Қыздар-ай, есіңе ал.
Алсаң ал,алмасаң қой,
Мен дағы өлер деймісің.
Шіркін-ай, шіркін-ай,
Үкілі кәмшат бөркің-ай.

Ой, пәлі-ай, ой,пәлі-ай,
Ой, пәлі-ай!
Осылай ма едің,
Қыздар-ай!





Пікір жазу